- Боулинг орталығының ережелері
1.1 Боулинг аумағында темекі шегуге тыйым салынады, соның ішінде кальян, вейп, бір реттік электронды темекілер және IQOS қолдануға болмайды.
1.2 Бір жолақта екі шарды бір уақытта лақтыруға тыйым салынады.
1.3 Қорғаныс планкасы төмен түсірілген кезде шар лақтыруға болмайды.
1.4 Ойын аймағында фотоаппараттың жарқылын (вспышка) қолдануға тыйым салынады.
1.5 Арнайы прокаттық аяқ киімсіз екпін алу аймағына (зона разбега) шығуға болмайды.
1.6 Екпін алу аймағында тамақ пен сусын ішуге, сондай-ақ темекі шегуге тыйым салынады. Тек боулингке арналған керек-жарақтарды (орамал, қолғап және т.б.) пайдалануға рұқсат етіледі.
1.7 Екпін алу аймағында бір мезетте тек бір ойыншы ғана болуы тиіс.
1.8 Жолақтар арасында қозғалу тек екпін алу аймағынан тыс жерде (боллифттердің артында) жүзеге асырылуы керек.
1.9 Фол сызығынан (линия заступа) өтуге және жолаққа шығуға тыйым салынады, себебі жолақ маймен өңделген және өте тайғақ, бұл денсаулыққа қауіпті.
1.10 Прокаттық аяқ киіммен ойын аймағынан тыс жерге шығуға болмайды. Ойын аймағынан шыққан кезде өз аяқ киіміңізді киюіңізді сұраймыз.
1.11 Бортиктерді 8 жасқа дейінгі балаларға пайдалану ұсынылады. Олар ересек ойыншылардың күшті лақтыруларына арналмаған.
1.12 Боулинг аумағына өзіңіздің тағамдарыңыз бен сусындарыңызды алып кіруге тыйым салынады.
1.13 Сыртқы киімдер үшін гардероб қарастырылған. Киімдерді ойын аймағына алып келмеуді және дивандарға қалдырмауды сұраймыз.